Енді сойылған ірі қара малдан қалдық қалмайды. Себебі Түркістан облысында сүйек өңдеп, өнім шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Қытайлық инвесторлар қолға алған жоба Ордабасы ауданының орталығы Темірлан маңында бой көтермек. Зауыттың ерекшеліктері жайында әріптесім Нұрлан Пайзов айтып берсін.


 Қытайлық Tangshan Huating Ceramics компаниясы сиырдың сүйегін өңдейтін зауыт құрылысын бастап кетті. Облыс басшысы Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестормен бірге Қазақстанда баламасы жоқ зауыттың капсуласын салды.


 Ауыл шаруашылығы саласына инвестор тартып, терең өңдеуді дамыту ол ел президентінің тапсырмасы. Бұл орайда Түркістан облысы таптырмас өңір. Соңғы уақытта шаруашылықпен айналысуға ниет білдіретін шетелдіктер саны артып келеді. Әсіресе терең өңдеуге қызығушылық танытқандар Қытайдан табылып жатыр. Өңір басшысы Huating Biotechnology компаниясымен келісімге келіп, малдың сүйегінен өнім шығаратын зауыттың құрылысын бастап кетті.


ЧЖАУ БОКАН, TANGSHAN HUATING CERAMICS CO,. LTD. ДИРЕКТОРЫ

 Осы зауытты үш этапқа бөліп жұмысын істеп отрымыз. Бірінші этапта бізде 30 тоннадан астап сүйек шикізаты қолданылатын болады. Үш этап аяқталып жоспар толығымен нақтыланған кезде күніне 10 тоннадан астап сүйекті өндіретін боламыз. Сүйекті өңдеу арқылы үш түрлі өнім өндіретін боламыз. Біріншіден сүйек құрамының майы. Ол майды қолданады, одан соң сүйектен желатин өндіреміз. Үшіншісін айтатын болсақ сүйектің көміртегі күлі болып өндіріледі. Қытайда мұны шыны өндірісінде кең қолданады.


Жоба мал қалдықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп қана қоймай, аймақ үшін экономикалық өсудің жаңа көзін қамтамасыз етпек. Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түседі. Бастысы – 100 адам тұрақты жұмысқа орналастырылады. Компания қажет мамандарды өздері оқытып даярлайды.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды. Осы бағытта Түркістан облысында нақты жұмыстар қолға алынып, инвесторлармен келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде «Huating Biotechnology Co., LTD.» компаниясымен жаңа зауыт ашу туралы келісімге келдік. Өздеріңіз білесіздер, Түркістан облысы – ауыл шаруашылығы дамыған өңір және аталған саладағы көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орында тұр. Дегенмен терең өңдеу саласына әлі де көп жұмыстар атқаруымыз керек.


 10 гектар аумақта орналасатын зауыт құны 9 млрд теңге. Мұнда ірі қара малдың сүйегінен жылына 5 мың тонна желатин өнімдері мен пептон қоспасы өндіріледі. Құрылыс жұмысы 2026 жылы аяқталып, іске қосылады жеп жоспарланған.