Түркістанда облыстық «AMANAT» фракциясы депутаттарының кезекті жиыны өтті. Басқосуда мәслихат депутаттары өзекті мәселелерді талқылап, Президент жолдауына қатысты пікір білдірді. Сюжеттен көріңіз.
Фракция отырысының негізгі мәселесі – Кентау қаласының жылыту маусымына дайындық жоспары. Тақырып аясында қала әкімі Жандос Тасов баяндама жасады. №5 Жылу энергоорталығының дайындығы жөнінде есеп берді. 6 қазандықты қайта құру жұмыстарының нәтижесінде тозу деңгейі 87,2 пайыздан 25 пайызға дейін төмендегенін мәлімдеді.
ЖАНДОС ТАСОВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Биылғы жылы №5 Жылу энергоорталығына облыс есебінен 667 млн теңге бөлінген болатын. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Қабылдау жұмыстары жүргізіліп отыр.»
Жолдаудан туындайтын міндеттер шеңберінде атқарылуы тиіс мәселелер жайлы Ғалымжан Елшібай сөз қозғады. Президент Жолдауында айтылған басым бағыттарды іске асырудың нақты қадамдарын белгілеу, экологиялық тазалық мәдениетін жалпыұлттық қасиетке айналдыру жөніндегі пікірлерімен бөлісті. Елдің даму қарқынын сөз етті.
ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
– «Жаңа Қазақстан мен ескі Қазақстанды салыстырып айтады. Оның не айырмашылығы, жаңалығы бар деп. Заңсыз активтерді қайтарудан біршама елге пайдалы нысандар салынды.»
Фракция отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, жиын барысында айтылған барлық сауалдар мен өтініштер хаттамалық тапсырма ретінде бекітілді. Оның орындалуын «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы бақылайды.