Шымкентте кітапхана ісінің майталмандары бас қосты. Пушкин кітапханасында өткен Қазақстандық Кітапханалар Одағының көшпелі отырысына Республиканың түкпір-түкпірінен кітапханашылар жиналды. Олар саладағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен цифрландыруды дамыту, сондай-ақ, ЖИ көмегі арқылы әлеуметтік-мәдени қызметті күшейту барысын талқылап, тәжірибе алмасты.
Шымкент қаласында 6 кітапхана жұмыс істейді. Олардың қарамағында 43 филиал бар. Осы жиында әр кітапхана өз тәжірибесімен бөлісіп, жасанды интеллектті кітапхана ісіне енгізу, кітап қорын цифрландыру, болашақта жастарға білім беруде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біздің тарихымыздың құнды құжаттары мен бай қазынасы – кітапханаларда сақтаулы. Сондықтан кітапханаларды дамыту қажеттігін бұған дейін де атап өткенбіз. Осы орайда Шымкент қаласында Қостанай және Қарағанды облыстарымен бірге кітап оқуды насихаттауға арналған пилоттық жобаны AMANAT партиясымен бірлесе қолға алдық. Бұл бастама өз кезегінде оң нәтижесін береді деп сенеміз
Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен кітапхана саласының мамандары келді. Олар тек өз тәжірибесі мен жетістіктерін ортаға салып қана қоймай, ортақ мәселелерді бірге пікір алмасты.
МӨЛДІР ОҢДАСЫНОВА, МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл іс шаралар кітапханашылармыздың деңгейін қаламызда қызмет етіп жатқын 7 кітапқанашылармыздың қызметкерлерін денгейін жаңа денгейге көшіру жәнеде тәжірбие алмасу мақсатында ұйымдастырып отырмыз.
Шарада сала үздіктерінің еңбегі еленіп, алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталды. Бұл марапаттар кітапханашылардың еңбегіне берілген жоғары баға болды.
ҒАЛИЯ САЛАМБАЙҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Әр өнірлерде осындай іш шараның мақсаты сол өңірдің осы салаға кітапхана саласына,кітапханашыларға кітапқа көніл бөлу мақсат.
Қазақстандық Кітапханалар Одағының көшпелі отырысы алдағы уақытта Көкшетау қаласында жалғасын табады. Ал, Шымкенттегі бұл жиын шаһарда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Айта кетейік, игі бастама Түркістан қаласында бастау алған.