«Жас мемлекеттік қызметші» мектебі құрылды. Түркістан облысы департаментінің жанынан ашылған мектеп енді мемлекеттік қызметке кадрлар даярлайды. Департамент басшысының орынбасары Дархан Суртеков Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жастармен жүздесіп, бітіруші түлектерді қазан айында жүргізілетін іріктеуге белсене қатысуға шақырды.
Жиында қатысушыларға мемлекеттік қызметке келудің жолдары мен сұранысқа ие мамандықтар жайында кеңінен ақпарат берілді. Елдегі жастарды қолдау бағытындағы атқарылып жатқан шаралар да түсіндірілді.
ДАРХАН СҮРТЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бітіруші түлектерге мемлекеттік қызметке кіруде Заңнамаларда жастарға мүмкіндіктер қарастырылғанын айтып түсіндіру біздің басты мақсатымыз .Елімізде жастарды қолдау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың барлығын түсінідіріп, студенттерді мемлекеттік қызметке шақыру шараларын жүргіздік...
Бұдан бөлек, ЖОО үздік аяқтап, мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалған мамандар мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері іс-тәжірибемен бөлісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
НҰРГҮЛ ҚАМЫСБАЙ, ОТЫРАР АУДАНЫ ТАЛАПТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ
Мен ЖОО үздік GPA 3.33-тен жоғары аяқтап, мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалдым. Отырар ауданы Талапты ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарамын. Департментке алғысымды білдіремін .
Кездесу соңында студенттер мемлекеттік қызметке кіру бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.