Президенттің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты дәстүрлі Жолдауы ел ішінде қолдау тауып отыр. Бұл Жолдау еліміздің жаңа даму бағытын айқындап берді деп айтуға толық негіз бар. Мегаполистегі зиялы қауым маңызды құжаттың әр тармағын жеке талдап, маңыздылығын айтуда.
Оңтүстік өңірі аграрлы аймақ болғасын ағын судың қадірін қатты түсінеді. Десекте алқапты ескі дәстүрмен суғаратын шаруалар 50-60 пайыз суды далаға ағызып жатыр –дейді қариялар. Мемлекет басшысы жолдауында су ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын құру қажеттігін қадап айтты. Әсіресе айдын көлдерді аман сақтау мәселесін көтерді. Су мәселесі біздің өңірде де өзекті.
СОЗАҚБАЙ ӘБДІҚҰЛОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Шардарада 650-700 млн куб су қалу керек. Қазір ол одан төмен түсіп кеткен. Ең соңғы сұрағанымда 250 млн куб су қалды деді. Бұлда үлкен мәселе болып тұр. Сондықтан су көп қажет ететін дақылдарды аздап егу керек.
Еліміздің жоғары заң шығарушы органында көзделген өзгерістер зиялы қауымды толғандырмай қоймады. Бұлда демократия жолындағы оң қадам деп бағалап отыр.
БЕКЕТ ТҰРҒАРАЕВ , ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Әртүрлі өзгерістер ел басқарып отырған адамның ыңғайына қарай болды. Қаңтар оқиғасынан кейін көптеген өзгерістерді алып тастады. Әлдеде іші тола.
Жиын барысында сөз алған қариялар бағытта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру және «Цифрлық кодексті» қабылдау ұсынысы жайында да әңгіме өрбітті. Елімізді жаңа өркениеттік деңгейге көтеретін шешім екендігін атап өтті.