Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы өңіраралық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Тараптар өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына қол қойды.


Аталған құжат Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған келісімнің нақты іс-шараларын қамтиды.2024 жылы Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылған болатын. Қазан айында Түркістанда өткен Халықаралық инвестициялық форумға Хубэй делегациясы мен 100-ден астам шетелдік компания қатысты. Ал маусымда Астанада өткен «Орталық Азия – Қытай» Саммиті аясында екі өңір арасындағы бауырластық келісім ресми түрде бекітілді. Түркістан мен Хубэй арасындағы әріптестік экспорттық әлеуетті арттырып, халықаралық сауда арналарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Хубэй провинциясы Халық Үкіметі төрағасының орынбасары Ма Гоцян Түркістан өңірінің әлеуетін жоғары бағалап, екі өңір арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Алдағы кезеңде өңіраралық байланыстар сауда-экономика, мәдениет, білім беру, ауыл шаруашылығы және жасыл технологиялар салаларында дамитын болады.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтіп, өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуді ұсынамын. Осы орайда, Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасында Жол картасына қол қойылмақ. Бұл бастама өзара тиімді серіктестіктің жарқын бастауы болады және өңірлеріміздің түрлі салаларда дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін