2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы». Осыған орай Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі «Шымкенттің стилі мен жайлылығын жасаймыз» тақырыбында пресс-тур өткізді. Біздің түсірілім тобы оқу орнының тыныс-тіршілігін көріп қайтты. Толығырақ – келесі сюжетте.


 Колледж еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлайды. Мұнда студенттер тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, тоқу өндірісі, жаңа ашылған киім дизайны мен аяқ киім ісі мамандықтарын меңгеріп жүр. 1100 білім алушының 55 пайызы дуалды жүйемен оқиды. Оның тиімділігі теорияны тәжірибемен ұштастырып, өндіріске ерте араласуы.


 ГҮЛМИРА ТАҒАЕВА, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Жалпы колледждің бүгінгі білім беру бағыттарына келсек. Бірнеше бағытқа бөлінеді. Ол біздің негізгі білім беруіміз 2 жыл 10 ай. Одан бөлек ерекше білімді қажет ететін, құлағы естімейтін балаларымыз білім алады. Одан бөлек түзеу мекемесінде бөлімшеміз бар. Соңғы жылдары мектепте оқи тұра бізде 2 жылға жуық білім алып, диплом алып шығады. Біздің колледждің негізгі ерекшелігі ол біздің 55 пайыз білім алушымыз дуалды жүйемен оқиды. Практикаға бейімделген, 60 пайыз практика, 40 пайыз теория. Сондықтан колледж түлектерінің жұмысқа жайғасу көрсеткіші өте жоғары.


Қаладағы 41 тігін фабрикасының 25-імен колледж тығыз байланыста. Студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп қана қоймай, түрлі сайыстардан жүлде алып жүр.


АЛТЫНАЙ ӨМІРБАЕВА, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ

 Осы жерде балаларды сайысқа дайындаймын. Қалалық біріншілікке қатысып екі оқушы бірінші орын алдық. Енді республикаға жолдама алып, соған дайындалып жатырмыз. Қазір қыздар киімдерді құрастырып жатыр. Модельдеу тағы оны пішу, тігу. 


Оңтүстік индустриялық аймағындағы құзыреттік орталық – заманауи базаға ие. Жабдықтармен жұмыс істеу үшін колледждің 30 маманы арнайы курстан өтіп, сертификат алған. Мұнда жаңа мамандықтар бойынша білім беріледі.


 МАҚСАТ ҚАБЫЛОВ, ӨНДІРІС БАСШЫСЫ

Қазіргі таңда бізде 30 жуық адам істейді. Жартысы тігіншілер, қалғандары мында тартып шығарып отырады. Қазір бізде маман тапшы, тігіншілер. Тігіншілер көп керек. 20 тігінші маманы керек. 


Колледж түлектері жүз пайыз жұмыспен қамтылады. Биылдың өзінде 150 түлек жұмысқа орналасып, 85-і жоғары оқу орындарына түскен.