«Аманат» партиясында Мемлекет басшысының жолдауы талқыланды. Жиында жолдауда көтерілген 7 мәселе сарапқа салынып, оны қоғам арасында кеңінен насихаттауға бағытталған жұмыстар жүйеленді. Елдің саяси жүйесін жетілдіру, бір палаталы Парламент құру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, өңірдің әлеуметтік экономикалық ахуалы мен ауылшаруашылығы және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері назарға алынды. Әсіресе, цифрландырудың маңызын ерекше атап өткен Аманаттықтар Жасанды интеллектіні - экономиканың іргетасына балады.


Цифрлық трансфармация - тек технологиялық қадам ғана емес, Мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау және экономиканың барлық бағытын жаңғырту құралына айналмақ. Партия өкілдері бұл бағыттағы бастамаларға қолдау көрсетіп, қоғамға түсіндіру жұмыстарын күшейтетіндерін жеткізді.


 БЕРДІҚҰЛ САДЫҚОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл ғасыр білім мен ғылым ғасыры. ЖИ-мен құзыретін мектеп қабырғасынан бастап қолға алу керегін қолға алып, оқушыларға арналған жаңа бағдарламалар, оқу материалдармен қамтамасыз етіп беру керегін атап өтті. 


 Сондай-ақ кеңеске қатысушылар Президенттің стратегиялық бастамаларын да айтты. Әділетті қоғам құрудағы жауапкершілікке тоқталған партия жетекшілері мемлекетшілдігімізді, отансүйгіштігімізді сөзбен емес, іспен дәлелдеудің маңызын айрықша атап өтті.


БАУЫРЖАН ӘЛТАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Мемлекет тарапынан жақсы іс-шара басталды. Бірақ оны ъалық терісінен пайдаланып кетті. Соның нәтижесінде ажырасудан бірінші орынға шығып кеттік. Бірге тұрады, өтірік ажырасып әлеумттік көмек алып отыра береді. Бұл масылдыққа әкелетін қадам.


Жиын соңында нақты ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыты айқындалды. Айта кетейік, Аманат партиясының батамасымен, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 11 мыңға жуық азамат қаржылық сауаттылығын арттырса, «Жер аманаты» бағдарламасымен игерілмей жатқан 163га жер мемлекет меншігіне қайтарылған.