Еттің бағасын негізсіз көтергендер жазаланады. Саудагерлер үстемақыны 15 айыздан асырып жіберсе 5-тен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынбақ. Егер бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 10-нан 300 айлық есептік көрсеткішке дейін жетеді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, сиыр етінің бағасы бұдан былай өспейді. Елімізде мал басы жеткілікті және көбейіп келеді. Сиыр етінің қымбаттауына жем-су, жанар-жағармай құнының көтерілуі әсер етіп отыр дейді, ведомство басшысы.


 АЙДАРБЕК САПАРОВ ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ

 Бұл жерде айтып кету керек, еттің әртүрлісі бар. Үш неге бөлінеді. Бірінші высший категория, средний дейміз упитанность, нижний упитанность дейміз. Бүгінгі күні ол 500 теңгеге еттей мүмкін өсті. Бірақ, әрмен қарай өсу болмайды. Орташа баға 3200-ден 3500-ге шейін фермерлер бүгін өткізіп жатыр. Әрмен қарай нарықта енді оны әрмен қарай сатуға байланысты.