Елде экстракорпоралды ұрықтандыруға (ЭКО) сұраныс артып келеді. Мамандар мұны аталық және аналық ұрық сапасының төмендеуімен байланыстырады. Осыған орай мемлекет 5 жылға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын 7 мың квота бөліп отыр. Оның 2 мыңнан астамы тәжірибелі ЭКО клиникаларында жүзеге асырылуда.
30 жылдық тәжірибесі бар Экомед кликалар желісі сапа мен сенімділіктің үлгісі. Мұнда, репродуктивті медицина, экстро корпоралды ұрықтандыру, гинекология, урология, эндокринология және жалпы терапия бағыттарында жоғары деңгейде қызмет көрсетеді.
Жыл сайын мыңдаған отбасылар «Экомед» көмегімен ата-ана атанып жатыр. ЭКО бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі. Ал дәрігерлер – еліміздің үздік мамандары. Бұл ретте, Салтанат Берденқызы үлгерімі жоғары студенттерге үнемі қолдау көрсетіп, маман тапшылығы деген мәселені болдырмауда.
Бедеулік белең алған заманда Экомед клиникалары тек емдеумен ғана шектелмейді. Мұнда, дәрігерлер психологиялық қолдау көрсетіп, отбасылық кеңесті де береді. Сондай – ақ, қоғамдық семинарлар мен оқыту бағдарламалары да қатар жүргізіледі.
Дүниеге сау бала келуі жолында генетикалық диагностиканы енгізген клиника бүгінде жасанды интелект арқылы жұмыстарын жалғастыруда. Ол эмбриондарды бақылап қана қоймай, баға да береді екен.