Түркістан облысында жыл басынан бері бей – берекет қоқыс тасталған 247 орын анықталған. Оның көбі құрылыс және өндіріс қалдықтары.


Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен тәртіп сақшыларының бірлескен жұмыстары нәтижесінде 153 орын тазаланған. Ал, Түркістан қаласында электронды «Геопортал» ақпараттық жүйесі арқылы 40 нүкте көрсетілген. Бүгінде оның 39 – ы қолға алынып, бей – берекет тасталған қоқыс орындары жиналған. Экология департаменті мамандарының айтуынша, былтырғы орындарға биылда зерделеу жұмыстарын жүргізуде екен. Нәтижесі, әзірге жаман емес, дейді. Сонымен қатар, алдын –алу және үздіксіз түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, бей-берекет шашылған қоқысты жинауға бюджеттен қаржы қаралмаған. Мұның бәрі де аудан әкімдіктерінің демеушілер тарту есебінен атқарылады. Осы орайда, тұрғындардың тазалыққа жауапты мекемемен келісім шарт негізінде жұмыс жасау жағы қолға алынуда.