Түркістанда полицейлер 100-ден астам еріктімен бірлесіп профилактикалық рейд өткізді. “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында өткен саптық жиыннан кейін жастар тәртіп сақшыларымен бірге қала көшелерін аралап, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына атсалысты.


АИДА НҰРЖАНБАЙ

Учаскелік инспекторлар мен еріктілер интернет-алаяқтық бойынша мыңнан астам тұрғынға түсіндіру жүргізіп, 420 жадынама таратты. Қару иеленген 40 азаматтың қаруы тексеріліп, 11 құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз граффити жазбалары бар 38 дерек жойылды. Жол ережесін бұзған 23 адамға шара қолданылды. Сондай-ақ жұмыс тобы жатақханаларды аралап, студенттерге қауіпсіздік бойынша нұсқаулық берді.


ЕРМЕК ӨСЕРБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

 Қыркүйектен қарашаға дейін республика көлемінде кең ауқымды учаскелік-профилактикалық іс-шаралар өтуде. Бүгін Түркістан қаласында полиция қызметкерлерімен қатар студенттерді, еріктілерді және қоғамдық көмекшілерді тарта отырып, бірқатар алдын алу жұмыстарын жүргізуді мақсат еттік.


 АИДА НҰРЖАНБАЙ

Рейд барысында ойын-сауық орындары мен жатақханалар тексеріліп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру деректері тіркелді. Полиция құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік танытып, осындай бірлескен шараларды жалғастыратынын хабарлады.