Түркістан облысында 6 мыңға жуық азамат қаржылық сауаттылығын арттырды. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында сарапшылар жастарға тегін құқықтық және қаржылық бағытта қолдау көрсетті. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырасы аясында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын» жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Аталған мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде талқыланды.


 Қазір азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін көтеру жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында қала, аудан, сондай-ақ шалғай ауылдарда үйме-үй аралау жұмыстары ұйымдастырылып, интернет-алаяқтық қылмысының алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру бойынша жыл басынан 3 рет жолда қабылдау акциясы өткізілген.


 НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс тұрғындарын тегін заңгерлік кеңес тегін беру туралы акциялар тұрақты түрде жалғасып отыру керек. Жастардың іс-шараларын флеш-моб, қоғамдық пікір таластар формалды түрде емес, сарапшылармен қатыстырып отыру керек.. 


Сондай-ақ, тұжырымдама бойынша, бекітілген облыстағы білім беру ұйымдарының маңына жылдамдықты шектеуге арналған 514 дана жол белгісі, 276 жасанды жол кедергісі және жаяу жүргіншілер өткеліне 4 дана бағдаршам орнатылып, 2100 метр аяқжол мен 2 264 білім беру ұйымының алдындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтары жаңартылған.


АРМАН БЕЙСЕНБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

 жоспар 5 негізгі бағыттан және 55 іс-шарадан тұрады. Полиция департаменті, сондай-ақ жергілікті атқару органдарына іс-шараның 10 тармағы белгіленген.


Бұдан бөлек, 2025 жылға мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында «Заң мен тәртіп» қағидаларын іске асыру бойынша Қоғамдық даму басқармасы және аудан, қала әкімдіктері тарапынан 21 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржы сарапшылары 3494 азаматты онлайн, 2378 азаматты оффлайн форматта оқытты. Жыл басынан бері жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 567 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 36 210 жас қамтылған.