Өнерлі өлке облстық фестивалі Түркістан мен Сауран ауданының өнерпаздарын бір сахнаға тоғыстырды. Қос өңірдің дарындары ән мен күйді әуелетіп ұлттық өнеріміздің сан қырын көрерменге паш етті. Ұлттық өнер мен мәдениетті ұлықтаған шара қорытындыланып, қатысушылар марапатталды.
Ақындар айтысы, дәстүрлі өнер, эстрадалық ән, бокалдық аспаптық ансамбль және ауылдың алты ауызы. Қос өңір осы өнер бойынша бақ сынасып бәсекеге түсті. Сахнаға шыққан өнерпаздар қазақ өнерінің алтын қазынасын жаңғыртып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Арасынада өз өңірінің намысын қорғау үшін ат терлетіп келгендер көп. Ал қазылар алқасының мүшелері мәдениет саласының майталмандары. Сапында ақын жыршылар, әнші мен бишілер бар. Төрешілердің шешімімен өнерлі өлке өнер фестивалінің кезекті сайысында Түркістан қаласының өнерпаздары жеңіске жетті. Фестивальдің сәні мен салтанаты мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы күндері өзге өңір әртістері бақ сынайтын болады.
БАЯН АДЫРБЕК, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Керемет жоғарғы дәрежеде өтіп жатыр. Негіз біз үшін Сауран мен Түркістан туысқан. Екеуіне де жүрегіміз ауырып отыр. Шын жүректен қуанып отырмыз. Түркістан облыс орталығы болғалы осындай байқаулар көп болғаны және халықтың жүрегіне жақын. Себебі өнер мен егіз халқымыздың өнерін осы Түркістанға келген қонақтар тамашалауда. Арамызда шетелдіктер мен басқа облыстан келген қонақтар бар.