Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Адырбеков көшесі, №70 ғимараттағы құрылысқа тексеріс жүргізген


Нәтижесінде осы мекенжайда орналасқан 1 қабатты монша, дүкен, салонның иесі ғимаратты қайта құрылымдап, рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жүргізіп жатқанын анықтады. Құрылысқа тапсырыс беруші ғимарат бөлмелерінің нысаналы мақсатын ауыстырып, дүкен мен әсемдік салонының шатырын біріктіру арқылы емдеу орталығын ашқан. Тапсырыс берушіге жергілікті атқарушы органның шешімінсіз құрылыс-монтаж жұмысын жүргізуге болмайтыны, сондай-ақ, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңының талаптарын сақтамағаны түсіндірілді. Нәтижесінде оған 800 мың теңгеден астам айыппұл салынып, құрылыс жұмысын тоқтату туралы нұсқама берілді.