Шымкент қаласында туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында маңызды жоба – туристерге арналған QR-қызмет жүзеге асырыла бастады.
Мегаполиске келген қонақтар енді арнайы QR-кодты сканерлеп, шағын онлайн форманы толтыра отырып, өз сапарына қажет ақпаратты, туристік бағыттар мен қызметтер туралы мәліметтерді оңай ала алады. Жаңа жүйе туристердің қауіпсіздігін арттырып, қажет жағдайда туристік полициямен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Форма толтырылып, жіберілген соң деректер автоматты түрде туристік полицияға жолданады.