Шымкентте мал ұрлығы фактілері әлі де тіркелуде. Полицейлер «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі жайтты анықтады.

 

Шымкент қалалық полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасы мен аудандық бөліністердің қызметкерлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жүргізуде. Тексеру нәтижесінде 105 әкімшілік хаттама толтырылды. 40 шаруа қожалық пен 65 ет сататын орын тексерілді. Сондай-ақ мал тасымалдаушы автокөліктер мен мал сою бекеттері де назардан тыс қалмады.


«2025 жылдың 30 қазан күні төрт бас малымды жоғалтып, 102-ге хабарластым. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, малымды таптым. Оларға алғысымды білдіремін.»


 Іс-шараға қатысқан полиция департаментінің барлық қызмет салалары ветеринарлармен бірге төрт түлік малды құжатсыз тасымалдау фактілерін анықтап, мал союға және ет сатуға арналған тиісті сертификаттардың бар-жоғын тексеруде.