Алғыр шәкірттер мектеп қабырғасында жүріп-ақ ғылыми жаңалық аша алады. Жас ғалымдар жарқын еңбектерін өздері қорғайды. Мегаполисте жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтуде. Тақырыпты тілші тарқатады.


Нұрадыл Сәбденов адам бұлшық етін өсіруге арналған табиғи стероид ойлап тапқан. Бұл өнім синтетикалық стероидтарға қарағанда ағзаға зиянсыз. Сәбденовтың стероиды Адамтамыр, Шамбала секілді өсімдіктердің экстрактынан алынады. Жас ғалымның мақсаты айқын.


 НҰРӘДІЛ СӘБДЕНОВ, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН IT ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ

Қаншама адамдардың денсаулығын құртып жатқан синтетикалық стероидтарды табиғи стероидтармен алмастырып, бұлшықет өсуіне стимул беру. Зерттеуде өсімдік стероидтарын анықтадым. Мына үш түрлі өсімдіктен экстракт алып, стероидқа айналдырдым.


Ғылыми жобалар конкурсы 19 секция бойынша 3 күнге жоспарланған. Жобаларға әділ төрелік етуге Шымкент қаласының жоғары оқу орындарының профессорлары мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік оқытушылары тәуелсіз эксперт ретінде тартылды.


ҮМІТ БЕРДІМҰРАТОВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

 Академиялық адалдықты сақтау мақсатында YouTube каналдары қосулы. Барлық мектеп балаларының қорғағанын көріп отыр.


Қаладағы жалпы 180 білім беру ұйымынан антиплагиаттан өткен 1200-ге жуық жобалар қалалық кезеңде қорғалуда. Бірінші күні 470 жоба, екінші күні 430 жоба, ал үшінші күні 300 жоба қорғаушылары өз бақтарын сынауда. Үздік атанған жобалар конкурстың келесі тестілеу кезеңіне жолдама алады.