Шымкентте көпқабатты үйдің төбесінде дрифт жасаған жүргізуші әкімшілік қамаққа алынды.


Полицейлер 12 қабатты ғимараттың төбесіне автокөлікті шығарып, қауіпті манёвр жасаған жүргізушіні ұстады. Оның әрекеті адам өмірі мен денсаулығына қатер төндірген. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы 10 тәулікке қамаққа алынып, автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлері мұндай жауапсыз әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Осындай құқықбұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады.