Иқан ауылындағы кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжде отбасылық «Толағай» спорттық-интеллектуалды сайысы өтті. Жарыс отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.


 «Толағай» отбасылық сайысында төрт отбасы бақ сынады. Отбасылар арасындағы сайысқа Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйытқы болып отыр. Мақсат — жас отбасыларды қолдау, ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.


НҰРҒАЙША ЖОЛДАСБЕКОВА, КОЛЛЕДЖ ӘДІСКЕРІ

Біздің колледжімізде бүгін «Толағай» сайысы өтіп жатыр. Негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу, насихаттау. Төрт топ қатысып жатыр, ең шапшаң, спортқа бейімді топ жеңіске жетеді деген ойдамын.


Сайыс барысында қатысушылар түрлі спорттық кезеңдерден өтіп, өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, отбасылық бірлігін және командалық рухын көрсетті.


ГҮЛВИРА ЮЛДАШЕВА, СТУДЕНТ

Біздің командамыздың аты — «Бүркіт» тобы. Ұранымыз бар. Керемет өтіп жатыр. Отбасылық сайыс — бір жағынан спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.


Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сайыс жеңімпаздары мен үздік қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.