Түркістанда мектеп мұғалімдері ата-аналармен отбасылық сайыста бақ сынасты. Эстафеталық ойындарға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады. Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен шараға 10-ға тарта команда қатысты.
Сайысқа қатысушы команданың құрамында 5 адамнан болды. Олар ата-ана мен мектеп мұғалімдерінен құралған. Команда мүшелері жылдамдыққа жүгіріп, ұзындыққа секірді. Логикалық есептерді жедел шешіп, шапшаңдық танытты.
КАМАЛ ЕРМЕТОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Осындай сайыс адамның сергуіне қажет. Ай сайын өткізіліп тұрса дейміз. Екі күн дайындықпен шықтық, нәтиже жаман емес.
Дәстүрлі шара қалалық білім басқармасына қарасты барлық мектептерде ұйымдастырылып тұрады. Мұндағы мақсат – ата-ана мен мұғалімдердің байланысын арттыру.
АЙДАР БОЛАТҰЛЫ, НИЯЗОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ
Облыстық салауатты өмір салтын сақтау басқармасының мамандарына алғыс айтамыз. Осы мектепте өткізіп, біздің мұғалімдердің шығармашылығын дамытуға үлес қосып отыр.
Ниязов атындағы білім ошағында мыңнан аса бала оқиды. Олардың ата-аналары мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста. Мұғалімдер ата-ананы мектеп өміріне араластыру арқылы Үштік одақ қағидатын сақтауға мүмкіндік мол, - деп отыр.