ҚР Парламенті сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Түркістан облысына арнайы іс-сапармен келді. Ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру және өнімдерін терең өңдеу жөніндегі жобалардың ауқымын кеңейту мәселелері бойынша мәжіліс өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауы аясында ауыл шаруашылығын әртараптандыру басты мақсат. Жиында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев мәлімдеме жасап, өңір шаруашылығымен танысқанын жеткізді.
ӘЛИ БЕКТАЕВ, КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
– «Көшпелі отырыс аясында бүгін біз депутаттармен бірге «Тұран» индустриялды аймағында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық. Тағы бірнеше нысан, қоймаларды араладық.»
Алқалы жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков баяндама жасап, өңірдегі жаңашылдықтарға тоқталды. Сөзінше, оңтүстік өңір тамшылатын суару технологияларын жіті меңгеріп келеді.
НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Ағымдағы жылы су үнемдеу технологияларын 27 гектарға жоспарлаған едік, нақты 59 мың гектарға орналастырдық.»
Шараға облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қала ауыл шаруашылығы бөлімінің басшылары, тауар өндірушілер, қауымдастықтар қатысты. Өзара пікір алмасып, ортақ мүдде жайындағы тәжірибелерімен бөлісті.