Елімізде жаңа жылдан бастап зейнетақы көлемі өседі. Яғни 62 мың теңгеден 69 мың теңгеге дейін көтеріледі. Ал базалық зейнетақы төлемі 35 мың теңгеге дейін ұлғаяды.
Алдағы 3 жылдың бюджетінде осындай өсім қарастырылған. Жалпы, зейнетақы төлемдері үш бөліктен тұрады. 2026 жылғы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы 104 645 теңге болса, ең жоғарғысы 238 412 теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр.