Шымкент қаласында жаңа демалыс инфрақұрылымы қалыптасып келеді. Жуырда қала әкімдігі алғаш рет ашық аспан астындағы мұз айдынының іске қосылғанын хабарлаған болатын. Бұл – шаһар тарихында бұрын болмаған жоба. Алайда олардың барлығы заманауи талаптарға толық сай ма? Қауіпсіздік жүйесі, мұз сапасы және демалыс аймақтары қаншалықты дұрыс жабдықталған? Осы сауалдардың жауабын тілшіміз тарқатады.
АНЭЛЬ ӘЛІМБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Шымкент қаласы тұрғындары үшін қуанышты жаңалық! Енді қала жұрты қысқы демалысын ашық аспан астында коньки теуіп өткізе алады. Қалада биыл бірден үш мұз айдыны ашылды. Олардың екеуі Астана алаңындағы кеңейтілген аумақта, үшіншісі «Мұз сарайының» жанында орналасқан.
МҰЗ АЙДЫНЫ БОЙЫНША НҰСҚАУШЫ
— «Бір сеанс екі сағат болады…»
Әу баста бұл бастама аясында екі ірі мұз алаңын ашу көзделген еді. Оның бірі Байтұрсынов көшесіндегі Спорт сарайының жанында «Europrom» серіктестігінің қаржыландыруымен салынуы жоспарланған. Жобаның жалпы аумағы - 550 шаршы метр, ай сайын 20–30 мың келушіні қабылдай алады. Екінші алаң Арбат аллеясында орналасады. «Mega Most Construction» компаниясы жүзеге асыратын жобаның аумағы - 1830 шаршы метр. Мұнда айына 50–60 мың адамға қызмет көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Сол кезде ұсынылған бастама бүгінде ауқымын кеңейтіп, қалада жоспарланған нысандардан бөлек қосымша мұз айдындары ашылды. Тұрғындар мен қонақтар үшін бірнеше жаңа алаң жұмыс істеп тұр.
АНЭЛЬ ӘЛІМБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Барлық айдындар заманауи жарықпен жабдықталған. Мұз арнайы мұздатқыш жүйемен сақталады. Демалыс аймақтары мен коньки жалға беру орындары қарастырылған. Өз конькиімен келгендер үшін сырғанаққа кіру тегін.