Құрылыс алаңы нағыз ержүрек, білекті ер азаматтардың жұмыс орны деп есептейтіндер қателеседі. Өйткені Шымкентте көпқабатты тұрғынүй салу ісіне әйелер де араласып жүр. Мәселен Наргүл Тәжібаева мұнаралы кран айдайды. 100 метр биіктікті бағындырыған жерлесімен осы өңірдегі тілшіміз тілдесті. Бейнесюжетке кезек берсек.
ПЕРИЗАТ БИНАЗАРҚЫЗЫ
Біз тұрған құрылыс алаңында ерекше еңбек адамы бар. 6 жылдан бері мұнаралы кранды бағындырып келе жатқан Наргүлдің осы жердегі ондаған адамның қауіпсіздігіне жауап беріп отырған жұмысы көпке үлгі. Ендеше еңбек адамымен тілдесейік.
НАРГҮЛ ӘЛІМОВА, КРАНШЫ
Қызығушылық болмаған еді. Аяқ астынан подругам шақырып келіп қалдым. Мен негіізі 2-ші қабаттан қорқатын адаммын. Бұл жерде кранды көріп, мүлдем қорқыныш болмады. Үлкен күш болды, қалайда осыны бағындыру керек деп.
Наргүл бұған дейін 100 метрге дейінгі биіктікті бағындырған. Қазір 50 метрлік кранды басқарады. Әріптестері де оның батылдығына сүйсінеді.
ГҮЛНҰР ИГІЛІКОВА, ӘРІПТЕСІ
Өте тиянақтты жұмысына, уақытылы келіп, уақытылы кетеді. Күн демей, түн демей істей береді. Кейбір ер азаматтардан да артық еңбек қылады. Ол қорықпайды., биіктікті ұнатады. Өзіне жұмысы ұнайды.
Еңбек адамының негізгі мамандығы – қаржыгер. Түрлі салада қызмет ете жүріп, құрылысқа ауысқан. Анасының айтуынша Наргүл кішкентайынан ұлдардың арасында өскен. Содан да болар табанды әрі жігерлі.
ҒАЛИЯ ӘЛІМОВА, АНАСЫ
Қорқу жоқ қой қызда, мүлдем, мен қызығамын, аспанда жүргенді ұнататын, мен биікте жүргім келеді,-дейтін. Әні биікте жүр, мен қуаныштымын. жүрегі батыр, мұндай жұмыс әркімнің қолынан келе бермейді.
Кейіпкеріміздің әлеуметтік желідегі парақшасында 30 мыңдай оқырманы бар. Оларға биіктен сәлем жолдап, жұмыс барысын таныстырып отырады. Ол үш бала тәрбиелеп отыра. Еңбекқор жанды ұл-қыздары да мақтан етеді.