Ауыл шаруашылығы – Отырар ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі. Бүгінде аудан аумағында егін және мал шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Су үнемдеу технологияларын енгізу, егіс алқаптарын әртараптандыру, шаруаларға мемлекеттік қолдау шараларын тиімді жеткізу басты назарда.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артты. 60 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы индекс 144 пайызды құрады. Диқандар тарапынан егін егу жұмыстары агротехникалық талаптарға сай жүргізілді.
Мал басы саны өсіп, ет пен сүт өнімдерін өндіруде оң динамика байқалады. Бұл – мемлекеттік бағдарламалар мен шаруалардың еңбегінің нәтижесі», – дейді мамандар. Мемлекет тарапынан субсидиялау, жеңілдетілген несие беру, техника лизингі сияқты қолдау құралдары бар. Бөлім тарапынан фермерлерге құжат рәсімдеу, кеңес беру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Әсіресе, жас шаруаларды қолдау бағытындағы жобаларға басымдық беріліп отыр.
БАТЫРБЕК СЫЗДЫҚОВ, ОТЫРАР АУДАНЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Алдағы уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру, өнімді қайта өңдеу бағыттарын дамыту, кооперацияны күшейту жоспарлануда. Негізгі мақсат – аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейту.
Отырар үшін өзекті мәселе – су ресурстарын тиімді пайдалану. Осыған байланысты тамшылатып суару жүйелерін енгізу кеңейіп келеді. Сонымен қатар, каналдарды тазалау және су инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.