Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы тұрақты бақылауда. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов осы бағыттағы жұмыстарды баяндады.
Биыл Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7263 тазалық іс-шарасы өткізу жоспары бекітіліп, толық орындалды. Жыл басынан бері іс-шаралар мен сенбіліктерге 1 миллионнан астам тұрғын қатысып, 6998 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде көшелерде, қоғамдық орындарда, аулалар мен саябақтарда тазалау жұмыстары жүргізілді.
ЗҰЛПЫХАР ЖОЛДАСОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
1 миллионнан астам көшет отырғызылып, 16 624 тонна қоқыс шығарылды. Бүгінгі күнге дейін «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 3 456 өтініш түсіп, барлық өтініштер орындалды. Тәртіпті сақтау мақсатында биыл қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтамаған тұлғаларға 27 946 хаттама толтырылған. Жалпы 556,5 млн теңге айыппұл салынды.