Шымкентте жыл басынан бері 503 заңсыз құрылыс нысаны анықталды. Аталған көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай көп. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз отырысында сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы мәлімдеді.
Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады. Қаңтар–қараша айларында құрылым 41 763 өтінім қабылдаған. Мекеме 24 штаттық бірлікпен жұмыс істеп, бірқатар міндеттерді атқарды.
ДӘУРЕН МҰҚАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ М.А.
Жыл басынан қазіргі уақытқа дейін жалпы 7 241 өтініш қарастырылып, оның 5 654-і қанағаттандырылған. 2025 жылы заңды және мемлекеттік ұйымдардан жалпы 9 353 хат орындалған.
Тұрғын үй саясаты басқарманың басты бағыттарының бірі болып отыр. 2025 жылы қалада 1 370 450 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары бекітілген. Қараша айының қорытындысы бойынша 1 139 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспардың айтарлықтай бөлігі орындалып отыр.
ДӘУРЕН МҰҚАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ М.А.
Қызыл сызыққа енген нысандардың орнына жол салынады. Қазір қалада кептеліс көп орын алып жатыр. Бұл қадам осы мәселені шешуге бағытталған.
Жарнама саласында да елеулі өзгерістер орын алды. 11 ай ішінде қалалық бюджетке 591 млн теңгеден астам қаражат түсті. Алдағы уақытта жарнамадан түсетін кірісті 2 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ қызыл сызыққа енген құрылыс нысандарының орнына жаңа жол салынады.