Шымкентте жыл соңына дейін 34 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады. Жалпы биыл 66 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуі жоспарланған. Сондай-ақ тұрғын үйлерден 466 кемшілік анықталып, олардың барлығы мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Толығырақ келесі бейнематериалда.


 Биыл мегаполисте құрылыс басқармасы тарапынан 66 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуі жоспарланған. Оның ішінде 29 тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, тағы 5 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.


ОЛЖАС ПЕРДЕБАЙҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі таңда 66 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізу жоспарланған. Жыл соңына дейін 34 тұрғын үйді пайдалануға тапсырылады. Бұл 2 575 пәтер, 203,9 мың шаршы метрді құрайды. Қалған 32 тұрғын үйдің құрылысы 2026 жылға өтпелі.


 Қазіргі таңда басқарма есебінде 197 көпқабатты тұрғын үйдің кепілдік мерзімі бар. 2025 жылдың басынан бері 466 кемшілік анықталып, барлығы кепілдік мерзіміне сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді.


 ОЛЖАС ПЕРДЕБАЙҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі таңда басқармада 24-мердігер мекеменің,34-техникалық қадағалаушының, 18-авторлық қадағалаушылармен келісім шарт түзген. Жоғарыда айтқандай кепілдікке байланысты келісім шарттың бәрі қатаң бақылауда.


Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына нарықтан 1 523 пәтер сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 1 374 пәтер сатып алынды. Қалған 149 пәтерді сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.