Әр бейсенбі тазалықтан басталады. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізді. 30-ға жуық азамат Шымсити аумағын ретке келтірді.
Кезекті акцияны партияның Абай ауданындық филиал ұйымдастырып отыр. Филиал қызметкерлері, жастар қанатының белсенділері, коммуналдық сала мамандары және тұрғындар көпқабатты үйлердің аулалары мен адам жиі жиналатын қоғамдық кеңістіктерді қоқыстан тазалады.
ӘБДЕЗ РАХМАНҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Біз осы шараны өткізіп жатқанымызға біраз жыл болды. Алғашында тек өзіміз өткізетінбіз. Қазір алдын ала хабарлама бергеннен кейін тұрғындардың өзі келіп қатысып жатыр. Бұ дегеніміз біздің мәдениетіміздің көтеріліп келе жатқанының бір көрінісі.
Шымсити шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын ретке келтіруге 30-ға жуық азамат жұмылдырылды. Дәстүрлі тазалық шарасы жыл басынан бері 52-рет өткізіліп отыр.
ҒАЛЫМЖАН БАЛАБАЕВ, ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БРИГАДИРІ
Бізден қазір 15 адам, 1 техникамыз бар. Тазалық шарасын партиямен өткізіп жатырмыз. Алдағы уақытта жұмыстар жалғасады.
Биыл экоакцияға 4 мыңнан астамадам жұмылдырылған. Қала аумағынан жалпы 49 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Қыс мезгілінде дәстүрлі науқан аясында қоғамдық орындарды қардан тазалау және тайғақтың алдын алу мақсатында құм себу жұмыстары жоспарлануда.