Жаңа туған нәрестеге қандай қосымша тағам беру керек? Баланың ағзасына пайдалы қандай дәрумендер қажет? Бұл сұрақтар кез келген жас ананы мазалайды. Енді бұл мәселеге алаңдаудың қажеті жоқ. «MERUERT MALYSHAM» сауда желісі жаңа босанған аналарға тегін кеңес беріп, сәбидің дамуына қажетті тағамды таңдауға көмектеседі.
«MERUERT MALYSHAM» сауда желісінің негізін қалаушы Меруерт Нәрзенқызы бұл салада 20 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Сондықтан дүкенде әйелдің жүктілік кезеңінен бастап, баласы мектепке барғанға дейін қажет болатын тауарлардың барлығы бар. Сонымен қатар жас аналарға кеңес беру үшін арнайы мамандарды шақырып, ашық есік күнін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл жолғы шара да жас аналарға арналды.
МЕРУЕРТ НӘРЗЕНҚЫЗЫ, «MERUERT MALYSHAM» САУДА ЖЕЛІСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Бүгінгі шара — беби-шауэр, яғни аяғы ауыр аналар мен жаңа босанған әйелдерге арналған үлкен іс-шара. Босанғаннан кейін балаларда іш ауруы, іш қату, ас қорыту мәселелері жиі кездеседі. Сонымен қатар соңғы кезде иммунитеті төмен сәбилер көбейіп отыр. Осыған байланысты Алматы қаласынан арнайы мамандар шақыртылды.
Ауқымды шараға НУК, НИК компанияларының өкілдері арнайы келді. Олар өз өнімдерінің сапасы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар балалар дәрігерлері жиынға қатысып, аналардың сұрақтарына жауап берді.
АЙДАНА ӘБСАДЫҚ, ДӘРІГЕР-ПЕДИАТР
Ана атану алдында тұрған әйелдердің уайымы көп. Соның бірі — балаға қажетті дүниелерді толық қамту. Баланың денсаулығына қажет барлық заттар осы дүкенде бар. Соскадан бастап, қоспаға дейінгі барлық өнім ұсынылады.
Жаңа туған нәрестелерде іш қату немесе іш өту секілді мәселелер жиі кездеседі. Сондай-ақ соңғы жылдары сәбилердің салмақты дұрыс қоспау жағдайлары да байқалады. Осыған қатысты сұрақтар мамандарға жиі қойылды. Жас аналар қажетті кеңес алып, мәселені шешудің жолдарын білді. Айта кетейік, бұл дүкенде аспиратор, сүт сауғыш секілді ана мен балаға қажетті барлық құрал-жабдықтар да сатылады.