Көшелерді жарықтандыру жүйесін дамыту — ыңғайлы, қауіпсіз және заманауи орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты қала әкімі жарықтандыру жүйесін дамыту және жаңғырту мәселелеріне арналған арнайы кеңес өткізді Жиында жарықтандыру инфрақұрылымының қазіргі жағдайы, көшелерді, аула аймақтарын және қоғамдық кеңістіктерді заманауи жарықтандыру құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі егжей-тегжейлі қаралды. Сондай-ақ кезең-кезеңімен және жүйелі түрде шешуді қажет ететін проблемалық аумақтар анықталды.
Сонымен қатар жарықтандырудың ақылды жүйесін енгізу жобасының таныстырылымына баса назар аударылды. Жоба заманауи энергия үнемдейтін шешімдерді және Оңтүстік Кореяның озық технологияларын қолдануға негізделген. Жоба аясында диммирлеу функциясы бар LED-жарықтандыру құралдарын орнату және сыртқы жарықтандыруды қашықтан автоматты түрде басқару жүйесін интеграциялау жоспарланған. Бұл әр шамның жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға, ақауларды жедел анықтауға, жарық деңгейін тәулік уақытына және жүктемеге икемді реттеуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру энергия тұтынуды 30–60 пайызға азайтады. Электр энергиясы мен техникалық қызмет көрсетуге кететін шығындарды қысқартып, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Артықшылығы — өндірістің кезең-кезеңімен локализациялануы. Бұл жаңа жұмыс орнын құруға, жергілікті өнеркәсіпті дамытуға және импорттық компоненттерге тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Кеңес қорытындысы бойынша жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарын әзірлеу, қажетті техникалық және ұйымдастырушылық ұсыныстарды дайындау және пилоттық аумақтарды іске қосу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Көшелерді жарықтандырудың ақылды жүйесін енгізу жобасы қала аумағында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, инфрақұрылымды кешенді жаңғыртудың маңызды бөлігіне айналады. Белгіленген шараларды жүзеге асыру менің жеке бақылауымда болады.