Облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарды жеке қабылдап, олардың арыздары мен өтініштерін тыңдады. Азаматтар әкімге тікелей сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ қабылдауға басқарма басшылары, аудан-қала әкімдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.  


 Ашық диалог алаңында 100-ге жуық тұрғын түрлі салалар бойынша мәселелерін жеткізуде. Көтерілген өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу, жер және инфрақұрылымға қатысты.  


Облыс әкімі әрбір өтінішке мұқият назар аударып, шешу жолдарын қарастырды. Жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне жіті зерделеп, заң аясында шешім қабылдау бойынша нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар көтерген мәселелердің бір бөлігі сол жерде оң шешімін тапса, қалғаны бақылауға алынды.


 Еркін форматта өткен кездесуде көтерілген әрбір мәселе жіті зерделеніп, заң аясында шешімін табады. Түркістан облысында мемлекеттік органдардың халықпен байланысын нығайту, ашықтықты қамтамасыз ету және жергілікті деңгейдегі түйткілдерді жедел шешу бағытындағы жұмыстар тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары 1 мыңнан аса тұрғынды жеке қабылдап, талап-тілектерін тыңдаған.