Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Биыл олар халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, 390 медаль еншілеген. Оның 140-ы алтын, 105-і күміс және 145-і қола. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 106 медальға көп.
Педагогикалық кеңесте мектеп басшысы Шынболат Райханов жылды осылай қорытындылады. Сондай-ақ, бірқатар үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттады. Жиында алдағы кезеңде бапкерлердің жалақысы өсетіні айтылды. Ұлттық құрамасы сапында ұйымның 127 спортшы ел намысын қорғап жүр. Жыл басынан бері мекеменің негізгі құрамында тіркелген 56 спортшымен 2030 жылдың соңына дейін басқа өңірлерге немесе шетелдік спорт ұйымдарына ауыспау туралы келісімшарттар бекітілген.
ШЫНБОЛАТ РАЙХАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІНІҢ БАСШЫСЫ
Өткен жылмен салыстырмалы түрде биыл 107 медальға артығымен орындадық. Тарихи оқиғалар тіркелді мектебімізде. Жоғары спорт мектебінде биыл Әлем чемпионатының қол жүлдегерлері келді.
Бүгінде жоғары спорт шеберлігі мектебінде спорттың 13 түрі дамытылып, 32 жаттықтырушы қызмет атқарады. Жалпы шұғылданушылар саны 256 спортшыны құрайды. Мектепте 158 спорт шеберіне үміткер, 75 спорт шебері және 23 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар.