Жыл басында мегаполисте 49 655 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш асыра орындалып, 53 411 тұрғынға қолдау көрсетілді. Нәтижесінде Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 2,9 пайызға төмендеді. Салада атқарылған жұмыстарды басқарма басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне баяндады.
Қалада жаңа жұмыс орындарының қарқынды ашылуы өз нәтижесін беруде. Жоспарланған 21 830 жұмыс орнының орнына 27 781 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жоспар 127 пайызға орындалды.
ЖАНАР ӨТЕБАЕВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Субсидияланатын жұмыс орындарына 5 403 адам жолданды. Бос жұмыс орындарына 12 555 адам орналастырылды. 760 адам кәсіптік оқуға, 3 657 адам онлайн платформа арқылы оқуға, ал 128 тұрғын ваучер арқылы білім алуға жолданды. Жалпы жұмыспен қамту бағытында 25 630 адамға қолдау көрсетілді.
Жұмыспен қамтуға бағытталған 76 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 4-еуі ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, 2-еуі ашық есік күні, 3-еуі квоталар бойынша жәрмеңке, ал 67-сі шалғай елді мекендерде апта сайын өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкелері. Аталған жәрмеңкелерге 400-ден астам жұмыс беруші қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды.
ЖАНАР ӨТЕБАЕВА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
76 іс-шараға 4 500-ге жуық адам қатысып, нәтижесінде 711 адам тұрақты жұмысқа, 291 тұрғын субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды.
Басқармаға қарасты 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда 1 600-ден астам қызметкер қызмет көрсетеді. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттары әзірленді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормалары қайта қаралып, бұл әлеуметтік қызмет көрсету саласына жеке секторды тартуға мүмкіндік береді.