Отырар ауданында «Мәдениет-мәртебеміз, спорт-мақтанышымыз» атты мәдениет және спорт қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов, мәдениет және спорт саласының ардагерлері мен жаттықтырушылар және спортшылар қатысты.


 Марапаттау жиынында аудан әкімі мен мәслихат төрағасы құттықтау сөз сөйлеп, республикалық, халықаралық жарыстарда ауданымыздың абыройын асқақтатып, еліміздің намысын қорғап жүрген спортшыларға сәттілік тіледі. Отырар ауданының спортшылары ауданның ғана емес, облыстың, республиканың намысын әлемде қорғап жүр. Бұған ел куә. Ал, биылғы жылы облыста өткен мәдени байқауда аудан өнерпаздары жеңімпаз атанып, мерейімізді үстем етті. Бұл жоғары көрсеткіш деп білемін. Ауданның мәдениет пен спорт саласындағы жетістіктер келер жылы да жалғасын табатынына сенімім мол» -деді, аудан әкімі. Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов барша мәдениет және спорт саласының ардагерлерін құттықтап, ауданның абыройын асқақтата берулеріне тілектесігін білдірді. 2025 жылда үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушылар және «Отырар таланттары» өнер фестивалінің жүлдегерлері мен мәдениет саласына еңбегі сіңіп, көзге түсіп жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімі мен мәслихат төрағасының арнайы марапаттарына ие болды.