2025 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлық бойынша 60 мың іс-шара өткізілді. Олардың 17 мыңнан астамы түнгі жағдайларда ұйымдастырылды. Іс-шаралардың негізгі бөлігі Құрлық әскерлері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің үлесіне тиесілі болды.


Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері мен әскери бөлімдерінде 760 жауынгерлік үйлестіру іс-шарасы өткізілді. Әскери-теңіз күштерінде есепті кезеңде 188 рет теңізге шығу жүзеге асырылып, кеме экипаждарының жалпы жүзу қашықтығы 25 мың теңіз милінен асты. Қарулы Күштердің түрлері, әскер тектері мен арнайы әскерлер бөлімшелерін үйлестірудің қорытынды кезеңдерінде шамамен 4,5 мың жауынгерлік атыс пен тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шаралар барысында әртүрлі жағдайларда оқу-жауынгерлік міндеттерді тікелей орындау мәселелері арналымына сәйкес пысықталды. Әуе әскерлерінің түрлі тектегі экипаждары ұшқыштық техникасын жетілдіру, күрделі метеорологиялық жағдайларда оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау, сондай-ақ жер үсті және әуе нысандарына қарсы жауынгерлік қолдану бойынша жаттығуларды кезең-кезеңімен пысықтады.


СЕЙІЛЖАН МЕЙІРМАНОВ, ҚР ҚК БШ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЙЫНДЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ОФИЦЕРІ
Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің ұшқыш құрамын даярлау деңгейінің оң серпіні атап өтіледі. Жыл ішінде күндізгі және түнгі уақытта шамамен мың ұшу ауысымы орындалды.