«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы шымкенттік белсенді жастармен кездесті. Жиында жастардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі, этносаралық татулықты сақтау және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытындағы бастамалар кеңінен талқыланды.


 Республикалық қоғамдық бірлестік төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесуге Шымкент қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының 50-ден астам өкілі қатысты. Жиында төраға ұйымның алдағы жоспарлары мен басым бағыттарына тоқталды.


ТИМУР ЖҰМЫРБАЕВ, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ТӨРАҒАСЫ
 Шымкентте «Ассамблея жастары» ұйымының өңірлік өкілдігі белсенді жұмыс істейді. Мұнда жоғары оқу орындары мен колледж студенттері жинақталған. Ұйымның іске асырып жатқан жобалары жастар арасында сұранысқа ие және шымкенттік тұрғындардың қызығушылығын тудырып отыр.


Кездесуде қоғамдық келісімді нығайтуға және этносаралық татулықты дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар белсенді жастар «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің алғыс хатымен марапатталды.


ХАЯТУЛЛА АБДУЛЛАЕВ, БЕЛСЕНДІ ЖАС
Бүгін жастардың Тимур Жұмырбаевпен кездесуі өтті. Яғни, жастар қандай жұмыстар атқарғаны талқыланып, қорытынды кездесу болды. Барлығы еркін форматта өтті.


Жиын барысында Тимур Жұмырбаев жастармен еркін форматта пікір алмасты. Сондай-ақ, кездесу соңында қатысушыларға алғыс білдіріп, жастар бастамаларына қолдау көрсету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.