Шымкентте спорт саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда қалада 35 спорт ұйымы жұмыс істейді. Басқарма 2025 жылы 315 шара ұйымдастыруды жоспарлаған. Бұл бағытқа 292 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Шымшаһарда 877 спорт нысаны бар, ал 2025–2027 жылдары 8 жаңа спорт кешені пайдалануға беріледі. Тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында саябақтарда таңғы жаттығулар ұйымдастырылып келеді.
ҚАНАТ ЖОЛДЫҚАРАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ М.А.
2025 жылы қала аумағында салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту мақсатында және бұқаралық спортты дамыту аясында 315 іс-шара өткізу жоспарланған. Осы уақытқа дейін қаламызда 317 спорттық іс-шара өткізілді, бюджеттен 292,5 млн теңге қарастырылған.
Бұл жылы Шымкент спортшылары өңірдің атын асқақтатып, биік тұғырдан көрінді. Қазақстан чемпионаттарында спорт саңлақтары 737 алтын, 698 күміс, 750 қола иеленсе, Азия чемпионаттарында 100 алтын, 74 күміс, 67 қола медальды қанжығаға байлады.
ҚАНАТ ЖОЛДЫҚАРАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ М.А.
Шымкент қаласының 2025 жылы Әлем чемпионатында орасан жетістіктерге қол жеткізді. Сондай-ақ, Токио қаласы, Жапония елінде өткен Сурдлимпиада ойындарында еркін күрестен 2 спортшымыз өнер көрсетіп, нәтижесінде Пернеш Шадияр жеңімпаз болса, Рсалы Сабыржан 3 орын жүлдегері болды.
Бүгінгі таңда спортшылар қысқы Олимпиада мен Азия ойындарына дайындықты қарқынды түрде жүргізіп келеді. Басқарма бұл бағыттағы жоспарды күшейтуді көздеп отыр.