Шымкентте халықтың әлеуметтік ахуалын ескерген F-mart сауда желісінің тағы бір нүктесі ашылды. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында іске қосылған нысан – сауда желісінің алтыншы дүкені. Супермаркет келушілеріне арзан әрі қолжетімді бағада тауар ұсынады. Ашылу салтанатына орай түрлі ойындар ойнатылып, арнайы акциялар ұйымдастырылды.
СТЕНДАП: НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
F-mart сауда желісі өзінің алтыншы нүктесін салтанатты түрде ашты. Көріп тұрғандарыңыздай, келушілердің қарасы қалың. Ашылу рәсіміне және жаңа жыл мерекесі қарсаңында мұнда түрлі ойындар мен акциялар ұйымдастырылған.
F-mart дүкендер желісінің жаңа нүктесінің ашылуын әсіресе жақын маңдағы тұрғындар асыға күтті. Себебі бұл аумақта қолжетімді бағада сапалы тауар сататын дүкендер аз болатын. Жаңа жыл қарсаңында ашылған сауда орны келушілерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
ФАТИМА ТІЛЕУБЕРДИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Халыққа қолжетімді болсын. Тек өзіміздің өнімдер сатылса дейміз, денсаулыққа пайдалы болса екен. Халықтың жағдайы мен тұрмыс-тіршілігін ойлаған азаматтарға үлкен рахмет.
АРУЖАН МОМБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Мен жақын маңда жұмыс істеймін. Бұрын азық-түлікті F-mart-тың Сити молдағы дүкенінен алатын едім. Енді жұмыс орнымның жанынан ашылды. Үйге қажет заттардың бәрін осы жерден аламын. Бағалары да өзге дүкендерге қарағанда арзан. Қазір үш себетті толтырып алдым.
Жаңа дүкеннің аумағы 606 шаршы метрді құрайды. Мұнда отандық және шетелдік тауарлардың кең ассортименті ұсынылған. Сонымен қатар балғын көкөністер сөресі де бар. Бағасы қолжетімді. Сауда нысанының екінші қабатында наубайхана мен жартылай дайын өнім шығаратын цех жұмыс істейді. Келушілер ұннан жасалған өнімдерді әрдайым балғын күйінде сатып ала алады. Дүкенде жалпы саны 28 қызметкер еңбек етеді.
РУСТАМ НАРБЕТОВ, F-MART САУДА ЖЕЛІСІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ
Біз сауда желісін ары қарай дамытамыз. Бұл ауданда супермаркеттер аз болғандықтан, осы жерден ашуды жөн көрдік. Тауар түрлері көп, келушілерге қажет азық-түліктің барлығы бар. Бағаларды да барынша төмен деңгейде ұстап отырмыз.
Сауда желісі өкілдерінің айтуынша, 2026 жылы қаланың өзге аудандарында F-mart желісінің тағы үш дүкенін ашу жоспарланып отыр. Бұл шымкенттіктер үшін арзан әрі сапалы тауар тұтынуға мүмкіндік береді.
АСАН РАШИДОВ, ЖК AF-FOOD ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Сіздерді жаңа маркеттің ашылуымен құттықтаймын. Тиімді бағалар мен сапалы қызмет көрсетуге дайынбыз.
Алтыншы нүктенің ашылуына орай бірқатар тауарларға жеңілдіктер қарастырылып, арнайы акциялар ұйымдастырылған. 2026 жылдың 25 қаңтарына дейін 10 мың теңгеден жоғары сауда жасаған тұтынушылар ұтысқа қатыса алады.
БАТЫРЖАН БАҚЫТҰЛЫ, F-MART САУДА ЖЕЛІСІНІҢ МАРКЕТОЛОГЫ
Клиенттердің сұранысын ескеріп, арнайы ұсыныстар мен ойындар ұйымдастырып жатырмыз. Күнделікті қажетті тауарларға жеңілдіктер бар. 3 миллион теңге және iPhone 17 Pro Max ұтыс ойыны өтуде. Акция 25 қаңтарға дейін жалғасады, ал 31 қаңтарда Instagram парақшамызда тікелей эфирде жеңімпаздарды жариялаймыз.
НҰРЛАН ПАЙЗОВ, ТІЛШІ
F-mart сауда желісінің алтыншы нүктесі Төлеметов көшесі, Тұлпар коттедж қалашығы, 217А мекенжайында орналасқан. Яғни, Дендропарк тұрғын үй кешенінің тура қарсы бетінде. Айта кетейін, дүкен демалыссыз жұмыс істейді.