Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтары! Жарқын сәттерге толы тағы бір жылмен қоштасып, жаңа үміт пен жаңа арманға толы Жаңа жылды бірге қарсы алатын сәт те келіп жетті!


Шымкент қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын 31 желтоқсан күні сағат 19:00-де Астана алаңында өтетін Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты гала-концертке шақырады. Мерекелік бағдарлама барысында жергілікті өнерпаздармен бірге елімізге танымал жұлдыздар көрермендерге өз өнерін ұсынады. Сіздер үшін сахна төрінде Әділет Жауғашар, "Дежавю" бэнд, Нематилло Зкруллаев, Астана Қарғабай, Шымкент қаласында алғаш рет өткізілген республикалық "Шымкент сазы" эстрадалық ән байқауының жүлдегерлері Айдын Жұмабаев пен Ақерке Амалят өнер көрсетеді.