31 желтоқсан күні Шымкент халқы Жаңа жылды ерекше қарсы алады. Шаһар билігі Астана алаңында Жаңа жылға арналған гала-концерт пен от шашу ұйымдастырады.


Мерекелік кеште қазақ эстрадасының әншілері Де-Жавю бэнд, Әділет Жауғашар, Ақерке Амалят, Айдын Жұмабаев ән шырқап, көрерменге жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайды. Гала-концертте тек ән мен би ғана емес, театрланған музыкалық қойылымдар мен цирк майталмандарының көрінісімен толығады.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ РЕСМИ ӨКІЛ

 Сағат 23:50-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жаңа жыл мерекесіне орай құттықтау сөзін айтқан соң от шашумен концерт қайта жалғасып, мерекелік кештің соңына дейін жанды дауыстағы әндер мен көңілді қойылымдармен жалғасатын болады. Бөлінген қаржы 32 487186,76 теңге Жалпы шақырылған әртістердің гонорары 500 мыңнан 1 млн теңгенің аралығында.