Санаулы күндерден соң жылан жылын қорытындылап, Жылқы жылын қарсы аламыз. Қазақ жыл атауларын жануарларға теліп, әрбірінің өзіндік ерекшелігі бар деп сенеді. Оның мән-маңызы, астар-құпиясы қандай? Еркіндік пен ерліктің, жауынгерлік пен төзімділіктің символына айналған жылқы жануары жайында не білеміз? Қанат Жолдасбек зерттеп көрді.


Ер қанаты ат деп, қазақ жылқыны азаматқа серік санайды. Есін біліп, оң-солын таныған жеткіншекке нағашылары тай мінгізіп оны күтіп-баптауды, сыны мен сырын меңгеруді жүктейді. Тілін ұғынып, достасу қажетін айтады. Өйткені, жылықы қауіп – қатерді адамнан бұрғын сезеді. Себепсіз үйркіп, жөнсіз тыпыршиды. Демек, ол алдағы қауіп-қатерді аңдап, иесін сақтануға шақырып тұр.


 Жылқы табиғи апатты да алдын ала болжай алады. Жер сілкінісі, дауылды боран алдында мазасызданып, қаққан қазықтай қозғалыссыз қалады. Не керісінше тыпыршып, қашып кетуге ұмытылады.


 Жылқының есте сақтау қабілеті жоғары. Ол бір жүрген жолын, өзіне көрсетілген қатігездікті не қамқорлықты жылдар бойы ұмытпайды. Күтімі дұрыс болса иесіне адал қызмет атқарып, еңбек сіңіреді.


Мінезі асау, табиғаты күрделі жануарды алғаш болып Азиялықтар қолға үйреткен. Тарихшылардың айтуынша жұмыр тұяқты жабайы жануар қазіргі Қазақ даласында жуасыған. Тұлпарды тұңғыш тізгіндеген – ұлы дала көшпенділері.


БАХАДЫР САТЫБАЛДЫҰЛЫ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

– «Жылқыны кәдімгі адам сияқты қабірстанға көмген. Басқа жануарларға мұндай құрмет көрсетілмеген тек жылқыға.»  «Енді бұл мыс-тас дәуірі деп аталады. Б.з.д 3,5 – 4 мың жыл бұрын. Сол кезде жылқыны қолға үйретті. Солай осы ұлы далаға иелік етті.» 


Жылқының еңбегі де еті де адал. Көшпенділер қазы-қарта қарта жеп, қымыз ішеді. Биенің сүтін сауып, мың бір дертке шипа табады. Сондықтан болар, архиологтар мен тарихшылар қазақ даласын мекендеген көшпенділердің бойы биік, сүйегі ірі болған деседі.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

- «Қазақ "Саусаң бие сау, бозқырау түспей суалмас" дейді. Гастрентологтардың айтуынша: Саумал асқазан-бауыр, ішек, асқорыту органдарыны ауруларына ем. Жалпы бие сүті арқылы қырыққа жуық дерттің жол кесуге болады. Тіпті, рак клеткаларына тосқауыл қойып, онкологиялық ауырулардың алдын алады, - дейді мамандар.» 


Ерболат Оспанов – 15 жыл бұрын қан диабетіне шалдығып, төсек тартып қалады. Кеселіне ем іздеп, бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Медицинаға жүгініп, екпенің де, дәрі-дәрмектің де түр-түрін қабылдайды. Бірақ, нәтиже жоқ. Әбден жүдеп, титықтағанда дос-жараң бие сүтін тұтынуға кеңес береді. Содан ұзақ уақыт саумал ішіп, асқынған дертке шипа табады. Құлан-таза айыққан соң осы салаға басыбайлы бет бұрып, саумал өндірісін қолға алады. Көздегені өгелерге де көмектесіп, дәстүрлі емді дәріптеу.


 ЕРБОЛАТ ОСПАНОВ, КӘСІПКЕР

 – «Жануарлардың сүттері: қой, ешкі, сиыр, түйе сүттері казеиндік сүттерге жатады да, альбуминдік сүтке жылқы мен адам сүті жатады. Яғни, екеуі пара-пар. Сондықтан да»«Медицна саласында айтып жатады үлкен кісілердің асқазаны көп мөлшердегі сүтті қорытпайды деп. Ал жылқы сүті адам сүтімен пара-пар болғаннан соң үлкен кісілер де ішіп, асқазан ауыруларына ем таба алады.»


Қазір Ерболат Оспанов қорасында 20-ға жуық жылқы бар. Күн сайын бие сауып, қымыз піседі. Айтуынша, сұраныс та жоғары, іздеп де келушілер көп. Табиғи ингредиентен ем тауып, дертінен айыққандар жетерлік.


СПИКЕР: ЕРБОЛАТ ОСПАНОВ, КӘСІПКЕР

 – «Осыны ішіп, емделіп жатқандар да көп. Алғысын айтып, батасын беріп жатады.» 


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

"Сақтардың ең сүйікті сусыны - қымыз. Оны дайындау тәсілін олар құпия сақтайды. Егер бұл сырды кімде-кім сыртқа жаяр болса, олар оның көзін ағыз жазалайды." Ашық дереккөздерге сүйенсек, тарих атасы Герадот қазақтың арғы атасы саналатын сақтар жайында осылай деп дерек қалдырған деседі жұрт.» 


Бие сүтінің құнары жайлы медицина саласының негізін салып, ірге тасын қалаған әлгі Ибн Сина да пікір жазып, дерек қалдырған.


«БИЕ СҮТІ СӨЛДІ ТЕҢЕСТІРІП, ҚОЮ ШЫРЫННАН ПАЙДА БОЛҒАН ІШКІ ЖАРАЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ. МИ ҚУАТЫН АРТТЫРЫП, ТАЗАРТАДЫ ӘРІ ЖАСАРТАДЫ. ӨЙТКЕНІ ОНЫҢ ҚҰРАМЫНДА АДАМ ТІНДЕРІ МЕН МҮШЕЛЕРІНЕ ҰҚСАС ТҮСІНІКСІЗ ҚАСИЕТ БАР.»

ӘБУ ӘЛИ ИБН СИНА «ДӘРІГЕРЛІК ҒЫЛЫМ КАНОНЫ» ЕҢБЕГІНЕН


 Бәйменбет бидің қара атын, Жәмеңкенің кері кекілін, Алпамыстың байшұбарын, Ақан серінің құлагерін білмейтін қазақ кемде-кем. Бір бұл ғана емес талай туындыға түрткі жасап, ақын қолына қалам ұстатқан, би-батырға серік болған күрең қасқалар жетерлік. Тыныс-тіршілігін, дәстүр-салтын жалқымен байланыстыратын біздің халық: ат баптауды, сыны мен сырын меңгеруді өнер санайды. Бұл елдің ұлттық ойындары мен дене шынықтырар спорты да тап осы жалқы малымен байланысты. Көкпар тартып, қыз қуады, теңге іліп, аударыспақта күш сынасады, жүйрік баптап оны бәйгеге қосады. Қазақ осылай көңіл көтереді, делебесі қозып осылай шаттанады.


 ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ

«Қазақ жылқы малын кие тұтып, төрт түліктің төресі санайды. Ол – еркіндіктің белгісі, кең даланың тынысы. Жылқы – қазақ үшін темір тұлпар шықпай тұрып-ақ бүкіл өркениетті қозғалысқа келтірген күш. Аштықта – асы, жаугершілікте – қанаты, бейбіт күнде ырысы болған.» 


Дәстүр көнеріп, салт-сана ескірген жоқ. Шымкент қалалық Ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы дәстүрлі ойындарды ұлықтап келеді. Мұнда 11 бөлім, 89 оқу тобы жұмыс істейді. 800-ден аса спортшы жаттығу жасайды. 50 бапкер қызмет көрсетеді. Биыл кешен спортшылары 119 медаль жеңіп алған. Оның 44-і алтын, 30-ы күміс, 45-і қола жүлде.


НҰРБОЛ ЖАРҚЫНБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АТ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША КЕШЕНДІ СПОРТ КЛУБЫ КММ БАСШЫСЫ

 – «Ат спортына қызығушылық жоғары. Келіп жатқан, қатысуға ниет білдіріп жатқан балалар өте көп.»  «Тегін, қатысамын деген балаға есік ашық» 


 39 гектар аумақта орналасқан кешенде 1500 көрерменге лайықталған трибуна, әкімшілік ғимараты, бәйге алаңы мен канкур спортына арналған манеж, 2 ат ұстау орыны қарастырылған. 6 спорт түріне бөлінген 34 жылқы бар. Айта кету керек, Шымкенттік көкпаршылар биыл өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионатының финалына шығып, күміс жүлде еншіледі. Мамандардың айтуынша, бұл тарихи жетістік. Тіпті жергілікті жылқылар қарсылас шақ келтірмей, бірі үздік шабуылшы енді бірі «ең мықты жекпе-жек тұлпары» номинацияларын жеңіп алған.


Тарих беттерін парақтап, өткенге шегініс жасар болсақ жылқы жылы қашан да берекелі, айтулы оқиғаларға толы болған. Мәселен, жер бетінің жартысына жуығын жаулап, ұлы жорықтарымен есте қалған Ескендір Зұлқарнайын тап осы жылқы жылы туған. Бұл жылы Шыңғыс ханның да билігі күшейіп, әмірі асқан. 1789 жылы францияда ұлы революция орын алып, 1918 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған. 1930 жылы әлемді әбігерге салған экономикалық дағдарыс бүйірден қысып, 1966 жылы Ташкентте алапат жер сілкінісі тіркелген. Ең бастысы – 1990 жылы, 25 Қазанда Қазақстан тәуелсіздік декларациясын жариялап, егемендіктің алғы шартын жасады.


Нумерологтың айтуынша, 2026 жыл жаңа циклдың бастауы. Сондықтан тәуекелге барып, ойда жүрген жоспарды қаймықпай іске асыру қажет. Әрине көзсіз ерлік, есепсіз тәуекел опық жегізеді. Десе де жаңа жыл жаңа бастамаларды қолға алуға тапсырмас мүмкіндік, дейді ол.


 ШОЛПАН ҮСІПОВА, НУМЕРОЛОГ

– «2026 жылды жаңа энегриямен қарсы алуға кеңес беремін. Өйткені бұл цклдың басы. Жаңа бастама, жаңа әрекет, жаңа бастама және өсім жылы»


2025 жылы Қазақстан үшін де өнімді жыл болды. Президент 19 мемлекетке сапар шегіп, 18 шетел басшысын қабылдады. Мемлекет мүддесі үшін тиімді көптеген келісімдерге қол жеткізді. Ақ пен қарасы қатар жүретін дүние келеңсіз тұстарын да көрсетпей қоймады. Биыл Қазақ руханияты қара жамылып, бір қатар мәдени, саяси, әдеби қайраткерлер келместің кемесіне мініп кете барды. Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп.