Шымкенттік дәрігерлер шетелдік әріптесімен тәжірибе алмасты. Ұлыбритания елінен келген профессор Армен Гаспарян Бирмин университетінде дәріс береді. Әлемдік деңгейдегі ревмотолог-дәрігер №7 қалалық емхана қызметкерлерімен кездесіп, кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында білімімен бөлісті.


Бирмин университеті тек Ұлыбританияда ғана емес, әлемнің алпауыт мекемелерімен терезесін теңестіріп үлгерген оқу орны. Шетелдік білім ордасының профессоры жоғарғы санатты ревматолог-дәрігер. Ол №7 қалалық емханада тек ревматолог мамандарға ғана емес, жалпы тәжірибелік дәрігерлерге де дәріс оқыды. Іс-шарада клиникалық тәжірибеде қолданылатын инновациялық тәсілдер, дәлелді медицинаның рөлі мен ғылыми зерттеулердің маңыздылығы айтылды.


 АРМЕН ГАСПАРЯН, ПРОФЕССОР, ДӘРІГЕР-РЕВМАТОЛОГ

 Шымкент қаласына келудегі мақсатым жергілікті мамандармен кездесіп, денсаулық саласының білікті дәрігерлерімен тәжірбие алмасу. Оқу-тәжірибелік іс-шарада емделушілермен жұмыс жасау және оларға ем қалай тағайындалатыны айтылды. Дәрігерлер емделушілерге симптом мен синдромды ғана емес, кешенді емдеу жүргізуді үйренуі керек. Мен ревматикалық және буын ауруы бар науқастармен жұмыс жасағанда науқастардың басқа да ағза құрылымдарына мән беремін. Мәселен жүрек аурулары, жұқпалы аурулар сынды өзгеде дерт болуы мүмкін. Мұның барлығы буын ауруларына әкелері анық.. Жалпы Шымкенттік мамандардың біліктілігі жоғары, ревматологиялық науқасты емдеуге мүмкіндік бар. Медициналық жабдықтар да жеткілікті.


Ревматолог-бұл жүйелі ауруларды диагностикалап буын, бұлшық ет және сүйек ауруларын емдейтін дәрігер. Қазіргі таңда №7 қалалық емханада 1 маман қызмет етеді. Ал оқу-тәжірибелік іс-шара қызметкерлердің кәсіби дағдысын арттырып, медициналық білімін жетілдіруге сеп болмақ.


НҰРЛАН ЖАНАБАЕВ, №7 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Денсаулық сақтай басқармасының қолдауымен №7 қалалық емханада, Ұлыбританияның Дадли қаласының Бирминг университетінен жоғары санатты профессор ревматолог-дәрігер емхана қызметкерлеріне келіп тәжірбиелік дағдылармен дәріс оқыды. Бұл мақсат ревматологиялық аурулардың алдын алу мен жолын болдырмау. Дер кезінде профилактикалық іс-шараларды жасау, дәрігерлердің біліктілігін арттыру.


Қазіргі таңда №7 қалалық емханада штатта  381 қызметкер бар. Бірқатары Мәскеу, Санкт- Петербург қалаларында білімін жетілдіріп келген. Сондай-ақ денсаулық сақтау мекемесіне Ресей, Беларус, Украина елдерінен ақ халаттылар келіп Шымкенттік әріптестерімен тәжірбие алмасқан. Айта кетейік, іс шара алдағы уақытта да жалғасын табады.