Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау мерзімі бүгін аяқталады. Ұлттық тестілеу орталығы 30 желтоқсан күні сағат 23:59-да тіркеу тоқтайтынын еске салады. Одан кейін емтихан өтетін пункт пен күнді немесе уақытты өзгерте алмайсыз. Ал бейіндік пәндер мен ҰБТ тілін таңдау мүмкіндігін тестілеуге 24 сағат қалғанға дейін ауыстыруға болады. Ұлттық орталық талапкерлерді өтінім толтыру кезінде мұқият болуға шақырды.