Қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы лауазымына Азамат Парманов тағайындалды.
Азамат Бұхарбайұлы 1991 жылғы 29 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылында туған, білімі жоғары. Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – есеп және аудит, құқықтану. Еңбек жолын 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс және өндіріп алу бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған. 2018-2020 жж. – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2020-2025 жж – Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары. 2025 жылдың 1 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.