Сайрам ауданында Достық үйі пайдалануға берілді. Әлеуметтік-мәдени нысан ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бой көтерген мәдени орданың ашылу салтанатына ел ағалары арнайы қатысып, жергілікті халықтың қуанышына ортақтасты.
Сайрам – ынтымақ пен берекенің ордасы. Шымкентке жақын орналасқан ауданда өзге ұлт өкілдері көптеп шоғырланған. Жаңадан ашылған нысан осы өңірде мәдени-рухани келісімді нығайтуға жол ашады.
ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Сайрам – өзі ерекше аудан. Халқының ынтымағы жарасқан елді мекен деп білеміз. Осы орайда Достық үйінің бұл аймақта ашылуы – тыңғылықты істің бірі.
Қазіргі таңда аудан халқының жалпы саны 242 мыңнан асады. Мұнда барлығы 39 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, бір шаңырақ астында еңбек етіп келеді. Сонымен қатар, 8 этномәдени орталық тұрақты түрде жұмыс істейді.
Жаңадан ашылған Достық үйі этносаралық келісімді нығайтуға, қоғамдық бірлікті арттыруға және мәдени байланыстарды дамытуға арналған маңызды рухани алаңға айналмақ.