Биыл елімізде көлік салығына қатысты бірқатар өзгерістер орын алады. Енді 10-20 жыл пайдаланылған жеңіл көліктерге көлік салығын есептегенде 0,7 коэффициенті, ал 20 жылдан асқан көліктерге 0,5 коэффициенті қолданылады.
Яғни ескі көліктер үшін салық азаяды. Жарна жыл қорытындысы бойынша есептелетіндіктен, 2026 жылдың салығы 2027 жылы төленеді. Қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын және 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін Қазақстанда жасалған жеңіл көліктерге салық мөлшерлемелері алынып тасталды. Көлік салығы бойынша ай сайын немесе тоқсан сайын есеп тапсыру талабы да қойылмайды .Биылдан бастап салық төлеушілер тек жылдық декларация тапсырады және жарнаны жыл соңында төлейді.