Аз қамтылған отбасыларға мемлекет тұрғын үй көмегін көрсетеді. Жергілікті бюджет есебінен жүргізілетін жәрдемді жалғыз тұрғын жайы бар аз қамтылған азаматтар алады.


Егер коммуналдық төлемдер отбасындағы жиынтық табыстың 5 пайызынан асатын болса ақшалай өтемақы беріледі. Көмекті пайдалану үшін осы санатқа жататын азаматтар жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуі керек. Немесе  eGov порталы арқылы да қажетті құжаттарды жолдап, өтінім қалдыра алады.


ҰЛБОСЫН ЖҮСІПОВА, ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ТАҒДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮРГІЗУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
– «Қандай құжаттар қажет: бұл жерде жеке куәлік, болған жағдайда алимент туралы анықтама, банк шоты және комуналдық төлемдердің түбіртектері және үй жалдамалы болса оны да растау қажет.»