Түркістан облысында жасыл аймақты кеңейту мақсатында жаңа ірі жоба қолға алынды. Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жалпы аумағы 10 гектарды құрайтын заманауи тұқымбақтың құрылысы жүргізілуде. Тұқымбақ жылына 1,5 миллионнан астам көшет өсіруге қауқарлы. Сонымен қатар 20-дан астам жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылмақ.


Жоба құрамына 6 жылыжай, су қоймасы, көлеңкелеу алаңдары, тамшылатып суару жүйесі, жылыту қазандығы, орманшыларға арналған қызмет үйі, ұңғыма, бастырма және жертөле кіреді. Нысанға газ, су және электр жүйелері толық тартылған.Облыс әкімі Нұралхан Көшеров нысанға арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Аймақ басшысы көгалдандыру және абаттандыру шараларын сапалы жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар беріп, тұқымбақ құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді.


ЖӘМИЛӘ ӘБДІРАШИТОВА,  «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»  КММ ОРМАНШЫ-ЖҰМЫСШЫСЫ
Су өткен жылы және биыл көбірек берілді.Жасыл аймаққа айналып келеміз. Басқа тұқымбақтан ауыстырылып әкелінген.Ұрық себілді.


Жобаға тапсырыс беруші – облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл аймақ» КММ, мердігер – «Нинес» ЖШС. Жаңа орман тұқымбағы облыс орталығы мен аудандарды бұта көшеттерімен толық қамтамасыз етуге бағытталған.


АСҚАР ҚҰЛТАБАРОВ, «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»  КММ ДИРЕКТОРЫ
Қазір біз бірінші және екінші жылыжай деп белгілегенбіз.Бұл жылыжайдан шығарылып, далалы жерге егіледі.     Қазіргі таңда 72 квадратқа тұқым себілді.


Айта кетейік, 2026–2028 жылдар аралығында аталған тұқымбақта 1, 04 миллион түп әртүрлі сәндік және бұталы ағаш көшеттерін өсіру жоспарланып отыр. Облыстағы тұқымбақтардың аумағын кеңейту шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.